Ватиканда Зеленский мен Рим Папасы кездесу өткізді

Сурет: X/ZelenskyyUa
Жаңа Рим Папасы - XIV Лео 18 мамырда өткен таққа отырғызу рәсімінен кейін бірден Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуден кейін Украина президенті оған Ватиканды Киев пен Мәскеудің келіссөздер алаңына айналдыру туралы ұсынысы үшін алғыс айтты.

"Әлемдегі миллиондаған адамдар үшін понтифик бейбітшілікке деген үміттің символы болып табылады. Қасиетті Тақтың беделі мен дауысы осы соғысты аяқтауда маңызды рөл атқара алады. Украина мен Ресей арасындағы тікелей келіссөздер үшін алаң болуға дайын екені үшін Ватиканға алғыс айтамыз. Біз нақты нәтижелер үшін кез келген форматтағы диалогқа дайынбыз", – деп жазды Украина президенті әлеуметтік желілерде.

Сурет: Telegram/V_Zelenskiy_official

Жаңа понтифик 8 мамырда сайланған күнінен бастап бірнеше рет Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге шақырды. 16 мамырда Стамбулда өткен үш жыл ішіндегі алғашқы тікелей келіссөздерден кейін XIV Лео Ватиканның делдалдық жасауға, соның ішінде диалог алаңы ретінде қызмет етуге дайын екенін ұсынды.

Бұған дейін Трамп Путинмен, сондай-ақ Зеленскиймен де телефон арқылы сөйлескелі отырғанын жеткізген болатын.

Зеленский Владимир
Папа Римский

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді