БҰҰ Бас хатшысы Таяу Шығыстағы шиеленіске қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: Facebook/António Guterres UN Secretary General
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, АҚШ әрекеті шиеленісті ушықтыра түсуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Мен бүгін АҚШ тарапынан Иранға қарсы қолданылған күшке байланысты қатты алаңдаулымын.  Бұл жағдай аталған өңірдің онсыз да қиын жағдайын шиеленістіре түсіріп, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке тікелей жасалған соққы болмақ. Мұндайда жағдай бақылаудан шығып, аймақ халқы мен бейбіт тұрғындарға, сондай-ақ бүкіл әлемге ауыр зардап әкелуі мүмкін. Мен БҰҰ-ға мүше елдерді ұйым Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларын бұлжытпай орындауға шақырамын. Қақтығысты бәсеңдету – қазіргі кезеңдегі басты мақсат. Бұл дағдарыстың әскери шешімі жоқ. Алға бастайтын жалғыз жол – дипломатиялық диалог. Жалған емес, шынайы үміт – бейбітшілік", деп жазды Гутерриш.

Сонымен қатар ол "хаос спиралін болдырмауға" шақырып, жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермеу қажеттігін ескертті.

2025 жылдың 22 маусымына қараған түні АҚШ Әскери-әуе күштері "Ирандағы үш ядролық нысанға, соның ішінде Фордо, Натанз және Исфаханға" шабуыл жасады. Трамп бұдан кейін Тегеран қақтығысты тоқтатуға келісуі керек деп санайды.

АҚШ
БҰҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті