Трамп Иранның ядролық нысандарына сәтті шабуыл жасаған АҚШ әуе күштері жауынгерлерін құттықтады

Трамп, АҚШ әскері, Иран, шабуыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2025 09:36 Сурет: whitehouse
АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ әуе күштерінің Иранның ядролық нысандарына жасаған шабуылы сәтті өткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ Иранның ядролық нысандарына соққы берді: Фордо, Натанз және Исфахан. Бұл туралы президент Дональд Трамп Truth Social-дағы өз аккаунтында жазды.  

"Біз Ирандағы үш ядролық нысанға өте сәтті шабуыл жасадық. Бомбалар негізгі нысан - Фордоға дәл дөп тиді. Біздің барлық ұшағымыз Иранның әуе кеңістігін тастап, үйге аман-есен қайтты. Біздің ұлы американ жауынгерлерімізді құттықтаймыз! Әлемде мұндайды істей алатын басқа әскери күш жоқ. ЕНДІ БЕЙБІТШІЛІК ОРНАТАТЫН КЕЗ КЕЛДІ! Назар аударғандарыңыз үшін рақмет". Дональд Трамп

Трамп Мемлекеттік хатшы Марко Рубио және ЦРУ басшысы Джон Ратклифпен бірге ситуациялық бөлмеде соққылар мен олардың салдарын сырттай бақылап отырды.

Сурет: whitehouse

Трамп Иранның үш ядролық нысанына жасалған соққылар Тегеранды сабасына түсіріп, келіссөздер үстеліне оралтады деп үміттенеді.

CNN мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта АҚШ президенті Иран аумағына тағы шабуылдауды жоспарлап отырған жоқ. Америкалық республикашыл конгрессмен Томас Масси АҚШ-тың Иранға соққыларын Конституцияға қайшы деп атады. Бірнеше күн бұрын ол Трампқа Иранмен арада соғысты өзі жалғыз бастауына тыйым салатын қаулы қабылдауды ұсынған болатын

Бұған дейін Иран Израильмен шиеленістің күшеюіне байланысты Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің арнайы отырысын өткізуді сұрағаны хабарланған.

NASA Иран ядролық нысаны тұсынан күшті жылу жарылыстарын тіркеді.

МАГАТЭ Ирандағы ядролық нысандардан тыс аумақта радиация мөлшерінің арту фактісін тіркемеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: