Әуе шабуылдарынан кейін Иранда көпқабатты тұрғын үй құлап, 60 адам, оның ішінде 20 бала қаза тапты

Иран, Израиль, шабуыл, көпқабатты тұрғын үй, 60 адам, шейіт, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2025 14:34 Сурет: X/IRIran_official
Израиль әуе күштерінің Иранның Шахид Чамран қаласына жасаған шабуылы кезінде 60 адам, оның ішінде 20 бала қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуеден жасалған соққылардың бірі 14 қабатты тұрғын үй кешенін де қамтыды.

Иран мемлекеттік IRIB телеарнасының хабарлауынша, Израильдің шабуылынан кейін 14 қабатты ғимарат құлады.

"Оқиға орнында 20 бала қаза тапты, олардың 10-ы әлі үйінділер астынан алынбады. Қаза тапқандар арасында алты және тоғыз айлық сәбилер де бар", делінген ақпаратта.

Айта кетсек,  2025 жылдың 13 маусымында таңертең Израиль "Арыстандар ұлты" операциясы аясында Иранның ядролық және әскери инфрақұрылымдарына әуеден соққы жасады. Шабуыл кезінде Иран революциясының күзетшілер корпусының (КСИР) Бас штабының бастығы Хоссейн Салами мен Ислам университетінің президенті Азад Мұхаммед Техранчи қаза тапты.

Иран Израиль астанасына қарсы соққы берді. Израильдік БАҚ кем дегенде жеті ирандық баллистикалық зымыран Тель-Авивке қарай бағытталғанын айтады.   

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: