Жаңалықтар тізбегі
0

Израиль әуе күштері Бейрутқа тағы әуеден соққы берді - 11 адам қаза тапты

Әуеден соққы беру, ЦАХАЛ, Бейрут, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2024 12:26 Сурет: wikimedia
Израиль әуе күштерінің Ливан астанасына жасаған әуе шабуылы кезінде 11 адам қаза тауып, тағы 33 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай деректерді Бейруттағы медициналық ұйымдардағы дереккөзге сілтеме жасай отырып, Al Hadath телеарнасы келтірді.

Бұған дейін Ливан денсаулық сақтау министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі орталығы төрт адам қаза тауып, 23 адам жараланғанын хабарлаған.

"Әуеден соққы жасалған Әл-Боста әл-Фарук аймағында сегіз қабатты тұрғын үй толығымен қирап, оған жақын орналасқан тағы бес ғимарат бүлінді. Құтқару бригадалары үйінділерді аршу жұмыстарын жалғастыруда. Құрбан болғандар мен зардап шеккендердің саны артуы мүмкін", делінген басылымда.

2024 жылдың 23 қарашасында, сенбіге қараған түні Израильдің жауынгерлік авиациясы Бейруттың оңтүстік маңындағы , Харет-Хрейк, Гхбейри және Шиах сынды аудандарына әуеден бірнеше рет соққы берді. Таңертең Израиль әскери-әуе күштері Бейруттың орталығындағы Баста ауданындағы тұрғын үйді күл-талқан етті. Бейрутқа жасалған соққылардың төртінші толқынын Израиль әскери күштері 21 қарашада бастады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: