Қарағанды-Балқаш тасжолындағы жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

Қарағанды-Балқаш тас жолындағы жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2024 17:21 Сурет: видео скрині
Қарағанды-Балқаш тасжолында автобус пен минивэн соқтығысып, салдарынан бес адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты бүгін, 14 шілдеде сағат 12:00 шамасында Ақшатау ауылынан 30 шақырым жерде болған.

Автобус пен Toyota Estima шағын автобусы соқтығысты. Оқиға салдарынан Toyota Estima көлігінің төрт жолаушысы мен автобустың бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

11 адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлады полиция департаменті.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: