Ыстамбұлдың орталығында көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 29 адам қаза тапты

Өрт, Ыстамбұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2024 19:44 Сурет: X(Twitter)/@di_maula
Ыстамбұлдың орталығындағы түнгі клуб орналасқан 16 қабатты тұрғын үй отқа оранып, 29 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

TRT haber телеарнасының мәліметінше, тағы үш адам ауыр жарақат алды.

"Құрбан болғандар саны 29 адамға дейін жетті. Өрт салдарынан ауыр жарақат алғандар ауруханада, ем алып жатыр", делінген хабарламада.

Қайғылы оқиға Шишли ауданындағы 16 қабатты тұрғын үйде болды. Өрт түнгі клуб орналасқан көпқабатты үйдің бірінші қабатында шыққан. Мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында клубтың жабылғаны, ол арада жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: