Иран Израильмен қақтығыс аясында ИЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесінің арнайы отырысын шақырды

Иран Израильмен қақтығыс аясында ИЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесінің арнайы отырысын шақырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2025 15:29 Сурет: pixabay
Иран Израильмен шиеленістің күшеюіне байланысты Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің арнайы отырысын өткізуді сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы РИА Новости агенттігі дипломатиялық дереккөзге сілтеме жасап жазады.

"21 маусым кешке, Ыстамбұлда Иранның сұрауымен ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 51-сессиясының арнайы отырысы өтеді. Жиын жабық форматта өтеді және оған ұйымға мүше барлық ел қатысады деп жоспарланып отыр", - деді агенттік сұхбат алған дипломат.

Айта кетейік, осы күні, 2025 жылғы 21 маусымда, Израильдің Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Иранның зымыран инфрақұрылымына бірқатар соққы жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: