NASA Иран ядролық нысаны тұсынан күшті жылу жарылыстарын тіркеді

The New York Times газетінің хабарлауынша, жылу сигналдарының бірі АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға соққы бергендері туралы хабарландыруына дейін шамамен 30 минут бұрын тіркелген. Мұндай белгілерді жүйе, әдетте бомбалау орындарында немесе алапат өрт болғанда тіркейді. Кейбір жағдайларда жүйе өнеркәсіптік шығарындыларды немесе табиғи өрттерді де осылай тіркеуі мүмкін, алайда Фордо аймағында соңғы айда мұндай оқиғалар болмаған.
2025 жылдың 22 маусымына қараған түні АҚШ Әскери-әуе күштері "Ирандағы үш ядролық нысанға, соның ішінде Фордо, Натанз және Исфаханға" сәтті шабуыл жасады. Трамп бұдан кейін Тегеран қақтығысты тоқтатуға келісуі керек деп санайды.
АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына жасаған шабуылын Куба айыптады, ал Нетаньяху Трампты мақтап, алғыс айтты.