Францияда 9 жасар қызды күйеуге бермек болған

Сурет: pexels
Францияда 9 жастағы украиналық қызға үйленбек болған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian басылымының мәліметінше, 21 маусым күні Париждегі Диснейленд қызметкерлері полиция шақырған. Олар таңсәріде өткізілуі тиіс жеке шараға бала мен оның отбасымен бірге шамамен 100 қонақтың келгенін байқаған.

Мерекенің ұйымдастырушысы — 22 жастағы "күйеу жігіт", Ұлыбритания азаматы болып шықты. Сол жерде "қалыңдықтың" 41 жастағы анасы да болған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына тез жетіп, ер адам мен әйелді ұстады.

Прокуратура бұл "үйлену тойының" қойылым болғанын айтып отыр. Күйеу жігіт полицияға өзін продюсерлік компанияның директоры деп таныстырып, видео түсіріп жатқанын түсіндіруге тырысқан.

Дегенмен, 9 жастағы қызға зорлық-зомбылық жасалғаны анықталмаған. Соған қарамастан, бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Рим папасының мемлекет басшыларын соғысты доғаруға шақырғандығы хабарланған болатын.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты