Ресейде қатерлі ісікке қарсы вакцина клиникалық сынақтан өткізіле бастады

Фото: pixabay
Ресейде қатерлі ісікке қарсы вакцинаны мамандар клиникалық сынақтан өткізе бастады. Алғашқы нәтижесі күзде шығады дейді дәрігерлер.

Сынаққа қатерлі ісігі бар 48 ерікті қатысып жатыр, олардың денсаулығы төрт ай бойы бақыланады.

Клиникалық сынаққа дейін препарат зертханалық жануарларға салынды.

Екпе патогенді емес онколитикалық вирустар негізінде жасалған, деп жазады qazaqstan.tv.

Болашақта "ЭнтероМикс" деп аталатын вакцина науқастарға квота бойынша қолжетімді болады.

Сонымен қатар, Ресейде қатерлі ісікке қарсы тағы бір жаңа вакцина әзірленіп жатыр.

"Вакцинаға қатысты сұрақтар бар. Оны клиникалық сынақтан кейін бірден науқастарға қолдану қаншалықты дұрыс деп жатыр. Бұл екпе бірнеше жылдан бері зерттеліп келеді, сондықтан қауіпсіз деп ойлаймын." Александр Арутюнов, дәрігер
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты