Ресейде коронавирустың жаңа түрі тіркелді

Фото: Zakon.kz
Ресейде "Стратус" деп аталатын коронавирустың жаңа түрі тіркелді. Инфекция әсіресе балалар арасында тез тарауда.

"Алғашқы белгілері тұмауға ұқсас болғанымен, одан маска, вирусқа қарсы препараттармен қорғану мүмкін емес",- дейді дәрігерлер.

"Стратус" әсіресе егде жастағы адамдар мен созылмалы өкпе аурулары, онкологиялық аурулар және иммун тапшылығы бар науқастар үшін қауіпті, деп жазады qazaqstan.tv.

Бүгінгі күні жаңа вирусты Ресейдің 13 аймағында 114 адам жұқтырған.

"Стратус" вирусы бұрыннан бізге белгілі Омикрон штамының мутацияға ұшыраған түрі. Бұл өте ауыр түрде өтуі мүмкін. Алайда қазір бұл вирус "Стратус па" немесе "Нимбус па", алғашқы күннен анықтау мүмкін емес. Тек екінші, үшінші күні белгілі болады. Осыған дейін коронавирусты емдеген дәрілердің осы вирусқа қарсы күші бар. Алайда ағзада иммунитет қалыптастыра алатын вакцина жоқ. Анча Баранова, биология ғылымдарының докторы, Джордж Мейсон университетінің профессоры
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды