Зеленский Ұлыбританиямен арнайы келісімге отырды

Сурет: t.me/V_Zelenskiy_official
Украина президенті Владимир Зеленский "Ұлыбританиямен 100 жылдық серіктестік туралы келісімді" ратификациялау туралы заң жобасын Жоғарғы Радаға ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

РБК мәліметінше, Ұлыбритания мен Украина 2025 жылдың қаңтарында 100 жылдық серіктестік туралы келісімге отырды, бірақ ол әлі күшіне енген жоқ. Ұлыбританияның Премьер-министрі Кир Стармер Үкімет басына келгелі бері бірінші рет сол кезде Киевке келісімге қол қою үшін келген.

Сапар барысында Стармер Лондон биыл Киевке "бұрынғыдан да көп қолдау көрсетеді" деп уәде берді.

Келісім екі елдің әскери және әскери емес салалардағы қатынастарын кеңейтуге және тереңдетуге арналған. Онда мынандай тармақтар қарастырылған:

Ұлыбритания үкіметі Лондон мен Киев келісім аясында Балтық, Қара және Азов теңіздерінің қауіпсіздігін күшейтуге ниетті екенін мәлімдеді. Ұлыбритания жариялаған декларация мәтінінде британдық тарап Киевке 2030/31 жылға дейін кем дегенде 3 миллиард фунт (шамамен 3,9 миллиард доллар) көлемінде жыл сайынғы әскери көмек көрсетуге уәде бергені айтылады.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп ХАМАС-ты келісімге шақырған болатын.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді