Кремль Путин, Трамп және Зеленский кездесуінің ықтималдылығына қатысты пікір білдірді

Сурет: flickr/Gage Skidmore/kremlin /Владимир ЗеленскийдіңTelegram арнасы
Ресей Федерациясы президентінің көмекшісі Юрий Ушаков АҚШ, Ресей және Украина басшыларының қатысуымен саммит өткізу мүмкіндігіне қатысты түсініктеме беріп, сонымен қатар Дональд Трамп пен Владимир Путиннің келесі кездесуі жайлы да айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС-тың хабарлауынша, Кремль өкілі Ресей мен АҚШ басшыларының жаңа кездесуі туралы шешім Аляскадағы келіссөздерді қорытындылағаннан кейін қабылданатынын атап өтті.

"Әзірге, білмеймін. Қазір ғана АҚШ президенті әріптестеріне қоңырау шалатынын, олармен ағымдағы келіссөздердің қорытындыларын талқылайтынын айтты. Содан кейін әрі қарай не істеу керектігін шешеміз", - деді Ушаков.

Бірақ, оның айтуынша, Владимир Путиннің, Дональд Трамптың және Владимир Зеленскийдің үшжақты саммитін ұйымдастыру және оны өткізу тақырыбы әлі қозғалмаған.

Бұған дейін Ресей мен АҚШ президенттері журналистер алдына шығып, 2025 жылдың 16 тамызына қараған түні Аляскада өткен кездесудің қорытындыларын жариялаған болатын.  

Ресей
Путин Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді