Трамп Зеленскиймен және еуропалық елдердің көшбасшылармен сөйлескеннен кейін мәлімдеме жасады

Сурет: flickr/White House
АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social-дағы парақшасында Аляскада Владимир Путинмен өткен кездесу, сондай-ақ Владимир Зеленскиймен және еуропалық елдердің көшбасшылармен болған әңгімеден кейінгі өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Трамп Путинмен кездесуден кейін Украина президенті Владимир Зеленскиймен, Еуропа елдерінің басшыларымен және НАТО-ның Бас хатшысымен сөйлескенін хабарлады.

"Аляскадағы керемет және өте сәтті күн! Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу де, сондай-ақ Украина президенті Зеленскиймен және әртүрлі еуропалық елдер көшбасшылармен, соның ішінде НАТО-ның құрметті Бас хатшысымен болған кешқұрым уақыттағы телефон арқылы әңгімеміз де өте жақсы өтті", - деп жазды АҚШ президенті.

Ақ үйдің басшысы барлық тарап бейбіт келісімге келу керек деген бір пікірге келгенін атап өтті.

"Барлығы Ресей мен Украина арасындағы жантүршігерлік соғысты тоқтатудың ең ұтымды тәсілі, көбінесе орындала бермейтін атысты доғару туралы келісім емес, соғысты тоқтататын тікелей бейбітшілік келісімін жасау деп келісті", - деп атап өтті Трамп.

Сондай-ақ, америкалық көшбасшы Владимир Зеленскийдің 18 тамызда Вашингтонға келетінін айтты.

"Егер бәрі ойдағыдай өтсе, біз президент Путинмен кездесуімізді жоспарлаймыз. Бұл миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін. Осы мәселеге назар аударғандарыңыз үшін рақмет!", деп жазды Дональд Трамп.

Бұған дейін  Украина президенті Трамппен 18 тамызда Вашингтонда кездесетінін жария еткенін жазғанбыз.

АҚШ
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды