Трамп Ресей, Қытай және Солтүстік Кореяны АҚШ-қа қарсы астыртын жоспар құрып жатыр деп айыптады

Фото: flickr/Gage Skidmore
АҚШ президенті Дональд Трамп Бейжіңдегі әскери парадқа қатысты пікір білдіре отырып, Ресей, Қытай және Солтүстік Кореяны (КХДР) Америка Құрама Штаттарына қарсы "қастандық жоспарлап жатыр" деп айыптады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында өткен әскери парадты Ресей президенті Владимир Путин, Қытай төрағасы Си Цзиньпин және КХДР басшысы Ким Чен Ын бірге тамашалады.

Си Цзиньпин Бейжіңдегі әскери парад кезінде АҚШ туралы нақты айтпағанымен, жеңіске үлес қосқан барлық елдерге алғысын білдірді.

"Негізгі сұрақ – Қытай төрағасы Си Цзиньпин Құрама Штаттардың Қытайға жауласқан шетелдік басқыншыдан бостандық алу үшін көрсеткен зор қолдауы мен төгілген "қаны" туралы айта ма, жоқ па... Төраға Сиге және Қытай халқына тамаша әрі ұзақ мерекелік күн тілеймін. Владимир Путин мен Ким Чен Ынға сәлем айтыңыздар, әзірге АҚШ-қа қарсы қастандықтарыңызды жоспарлай беріңіздер", – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Соған қарамастан, сейсенбі күні Трамп Қытай мен Ресейдің Вашингтон мүдделеріне қарсы бағытталған "топ" құруы мүмкін деген қауіпке сенбейтінін мәлімдеді.

Бұған дейін Дональд Трамптың әлемдегі ең қауіпті қаланы атағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қытай
Ресей
АҚШ
Путин Владимир
Ким Чен Ын
Си Цзиньпин
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты