Дональд Трамп әлемдегі ең қауіпті қаланы атады

Дональд Трамп әлемдегі ең қауіпті қаланы атады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2025 09:34 Сурет: pixabay
АҚШ президенті Дональд Трамп Чикагоны әлемдегі ең нашар әрі ең қауіпті қала деп атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Чикаго — әлемдегі ең қорқынышты және ең қауіпті қала. Иллинойс штатының губернаторы Джей Притцкерге шұғыл көмек қажет, бірақ ол бұл жайлы әлі білмейді", — деп жазды Трамп.

АҚШ президентінің айтуынша, соңғы демалыс күндері Чикагода кем дегенде 54 адам оққа ұшқан, сегізі қаза тапқан. Ол қаладағы жағдайдың шұғыл араласуды талап ететінін атап өтіп, Чикагоға қауіпсіздікті қайтаратынын уәде етті.

"Мен қылмыс мәселесін тез арада шешемін, дәл Вашингтонда шешкенім сияқты. Чикаго қайтадан қауіпсіз қала болады, әрі бұл жақын арада жүзеге асады", — деді Трамп.

Еске салсақ, 1 қыркүйекте Михаил Кавелашвили АҚШ президенті Дональд Трампқа ашық хат жолдап, Грузияға көбірек көңіл бөлуге шақырған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: