Дональд Трамп: Қатардағы Израиль әрекеттеріне қатысым жоқ

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2025 10:16 Фото: flickr/White House
АҚШ президенті Дональд Трамп Израильдің Катарға жасаған соққысына өзінің қатысы жоғын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бүкіл жауапкершілікті Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға жүктеді. Бұл туралы АҚШ президенті Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

"Мен шабуылдан кейін премьер-министр Нетаньяхумен сөйлестім. Премьер-министр маған бейбітшілік орнауын қалайтынын айтты. Мен бұл қайғылы оқиға бейбітшілікке жол ашуы мүмкін деп санаймын. Сондай-ақ Катар әмірі мен премьер-министрімен сөйлестім, оларға елімізге көрсеткен қолдауы мен достығы үшін алғыс білдірдім. Мен оларға мұндай жағдай енді қайталанбайтынына сендірдім," — деп жазды Дональд Трамп.

Бұған дейін Израильдың Дохаға әуеден жасаған шабуылына байланысты тың мәліметтер пайда болғанын жазғанбыз

Сондай-ақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 қыркүйекте Дохадағы Израиль билігінің жасаған әскери әрекетін айыптаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: