Израильдың Дохаға әуеден жасаған шабуылына байланысты тың мәліметтер пайда болды

Доха, Қатар, Израиль, шабуыл  , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2025 20:36 Сурет: pixabay
9 қыркүйекте Қатар астанасы Дохада бірнеше дүркін жарылыс болды. Израиль тарапы оның ХАМАС қозғалысының өкілдеріне қарсы бағытталғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты қандай ақпараттар белгілі? Мұны Zakon.kz сайтынан оқи отырыңыздар.
  • Израильдің Қатар астанасы Дохаға жасаған соққысынан ХАМАС саяси бюросының басшысы Халед Машаль, Газа секторындағы топтың жетекшісі Халил әл-Хайя, сондай-ақ қозғалыстың мүшесі Захер Джабарин қаза тапты, деп хабарлайды Al Arabiya ХАМАСТА-тағы өз дерек көзіне сілтеме жасап.
  • Дохаға соққы жасау үшін Израиль шамамен 15 әскери ұшақты қолданып, ХАМАС басшылығы болған орынға 10-нан астам оқ-дәрі тастады, деп хабарлады Израиль армиясының "Галей ЦАХАЛ" әскери радиосы.
  • Израиль Палестинаның радикалды ХАМАС қозғалысының жетекшілеріне қарсы операцияны өз бетімен бастағанын мәлімдеп, сондықтан бұл реттегі барлық жауапкершілікті өз мойнындарына алады.
  • Дохада Израиль мен ХАМАС арасында бейбіт келісім бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқан. Әуе соққыларынан кейін ол кілт тоқтатылды.
  • АҚШ-тың Қатардағы елшілігі өзінің әлеуметтік желіде дипломатиялық миссия ғимараттарында қорғаныс режимін енгізіп, сондай-ақ ел азаматтарына көшеге шықпауға кеңес бергенін хабарлады.

Қатар басшылығы Израиль әскери-әуе күштерінің Дохадағы ХАМАС басшыларына жасаған соққыларын қатаң айыптайды, - деді Қатар СІМ өкілі Мажед әл-Ансари. Бұл туралы The Times of Israel жазады.

"Қатар мемлекеті бұл шабуылды қатаң айыптай отырып, Израильдің ақылға қонымсыз мінез-құлқына және оның аймақтық қауіпсіздікке араласу әрекеттеріне төзбейтінін растайды. Жоғары деңгейде тергеу шаралары басталды және оның егжей-тегжейі кейіннен жарияланатын болады",-  деді әл-Ансари.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 қыркүйекте Дохадағы Израиль билігінің жасаған әскери әрекетін айыптаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: