Зеленский Путиннің Мәскеуге шақыруына жауап берді

Сурет: Владимир Зеленскийдің Telegram-арнасы
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің Мәскеуде екіжақты кездесу өткізу туралы шақыруына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

РБК таратқан мәліметке сәйкес, Зеленский бұл туралы Парижде өткен "Батылдар коалициясы" кездесуінен кейінгі баспасөз мәслихатында мәлімдеген:

"Америкалық серіктестеріміз бізге Путиннің мені Мәскеуге шақырғанын жеткізді. Меніңше, егер біреумен кездескің келмесе – онда оны Мәскеуге шақыру керек", – деді Зеленский.

Сонымен қатар ол Ресей тарапынан кездесуге қатысты әңгіме қозғалғанының өзін оң белгі ретінде бағалады.

"Бірақ біз олардың соғысты тоқтатуға ниеті бар екенін әзірге көріп тұрған жоқпыз. Ал мұндай деңгейдегі кездесуден көшбасшылар қандай да бір нәтижемен – ең дұрысы, соғыстың аяқталуымен – шығуы керек", – деп түйіндеді Украина президенті.

Бұған дейін Макронның 26 ел Украинаға әскер жіберуге дайын екенін айтқанын жазғанбыз.

Ресей
Путин Владимир
Зеленский Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты