Павел Дуров Чарли Керктің өліміне қатысты пікір білдірді

Сурет: Instagram/durov
Telegram мессенджерінің негізін қалаушылардың бірі Павел Дуров америкалық саяси белсенді Чарли Керктің Ютада өлтірілуін сөз бостандығына жасалған шабуыл деп атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол Telegram-дағы парақшасында жазды:

"Ол ашық пікірталас үшін күресті, ал шындықтың жаулары оны сол үшін жек көрді. Қазіргі таңда бүкіл әлемде пікір білдіру еркіндігіне шабуыл жасалып жатыр", – деді кәсіпкер.

Дуровтың айтуынша, егер сөз бостандығынан айырылсақ, артынан барлық басқа еркіндіктер де жоғалады. Ол Чарли Керктің бұл бағыттағы миссиясын жалғастыруға шақырды.

Чарки Кирк Трамптың ең сенімді серіктерінің бірі әрі ықпалды жастар белсендісі ретінде танылған. Ол 10 қыркүйек, сәрсенбі күні Юта университетінде сөз сөйлеп тұрған сәтінде белгісіз адам тарапынан атылып, қаза тапты. Күдіктіні ұстауға көмектескендерге ФБР сыйақы жариялады. Көп ұзамай, күдікті де анықталды, ол небәрі 22 жастағы бозбала.

АҚШ
Дуров Павел

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі