Өзбекстанда адам ағзаларын сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Фото: pexels
Өзбекстанда Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚҚ) мен Ішкі істер министрлігі (ІІМ) адам ағзасы мен тіндерін заңсыз сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

UzNews мәліметінше, топ құрамында Ташкентте және Ташкент, Ферғана, Бұхара мен Қашқадария облыстарында тұратын 12 адам болған. Олар әлеуметтік желілер арқылы бүйрек пен бауыр ауруына шалдыққан науқастарды тауып, сау адамдарды ағзасын сату үшін қомақты сыйақымен қызықтырған.

Тергеу деректеріне сүйенсек, күдіктілер шетелдегі байланыстары арқылы жеке куәліктерді қолдан жасап, донорларды науқастардың туысы ретінде көрсеткен. Ағза трансплантациясы көрші елдегі жеке клиникалардың бірінде жүргізілген.

2023 жылдан 2025 жылға дейін бұл топ 32 науқасқа бүйрек пен бауыр тіндерін ауыстыруды ұйымдастырған. Науқастардан алынған қаражаттың бір бөлігі клиникалар мен донорларға төлем ретінде жұмсалса, қалғанын топ мүшелері өзара бөліскен.

Сонымен қатар, отадан кейін жағдайы жақсармаған науқастарға топ мүшелері күшті ауырсынуды басатын дәрілерді нарықтық бағадан әлдеқайда қымбатқа сатқан, делінген ақпаратта.

Тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды.

Бұған дейін Ресейде үш баласын балтамен ұрып өлтірген 30 жастағы ана түрме жазасынан босатылуы мүмкін екенін жазған болатынбыз

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты