Үш баласын балтамен ұрып өлтірген 30 жастағы ана түрме жазасынан босатылуы мүмкін

Үш баласын балтамен ұрып өлтірген 30 жастағы ана түрме жазасынан босатылуы мүмкін , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 11:57 Сурет: pexels
2025 жылдың сәуір айында Канскіде (Ресей) жаға ұстатарлық жағдай болды. Безбүйрек ана үш баласын балталап тастаған, кенжесі небәрі жеті айлық нәресте еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

НТВ телеарнасының ақпаратынша, Валентина Мытько 14 сәуірде төрт жасар қызын, тоғыз жасар және жеті айлық ұлдарын аяусыз өлтірді.

Алдымен әйел қызын тұншықтырып, артынша балтамен соққы берген. Бұдан кейін безбүйрек ана жеті айлық нәрестесі мен мектептен оралған 8 жасар ұлының басы мен денесіне балта салған. 

Қазір Валентина Мытько қамауда, бірақ көп ұзамай оны мәжбүрлеп емдеуге жібереді. Осылайша ол кісі өлтіргені үшін жазадан құтылады.

Сараптама әйелдің созылмалы психикалық бұзылудан зардап шегетінін және қылмыс кезінде не істеп жатқанын түсінбегенін көрсетті.

Бұған дейін Ақтөбеде жастар мінген көлік жардан ұшып кете жаздағанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: