Қарағандылық әйел үш баласына алаңдап, құтқарушылар көмегіне жүгінді

Құтқарушылар, Қарағанды, әйел, үш баласы, көмектесу, пәтер, қамалып қалу, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2025 10:15 Сурет: ҚР ТЖМ
ҚР ТЖМ құтқарушылары қарағандылық әйел мен оның үш баласына көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметінше, Қарағандыда, Қазыбек би ауданында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде 2017, 2019 және 2024 жылы туған балалары іште қалып кеткен пәтерге анасы кіре алмаған.

"Бірнеше рет қоңырау шалып, есікті қаққаннан кейін, балалар ашпаған соң, күмәнданған ана құтқарушылардың көмегіне жүгінді", деп хабарлайды төтеншеліктер.

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері автосаты арқылы бесінші қабатқа көтеріліп, терезе арқылы балконға кіріп, пәтердің есігін ішінен ашты. 

Бұған дейін Қарағандыда пәтерде қамалып, жалғыз қалып кеткен бала құтқарылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: