Қарағандыда пәтерде қамалып, жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

Бала, Қарағанды, қамалу, пәтер, құтқару, ТЖД, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2025 14:28 Сурет: freepik
Қарағандыда ТЖМ қызметкерлері құлыпталған пәтерде қамалып қалған баланы құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 112 қызметіне Қарағанды қаласы, Ержанова көшесіндегі пәтерлердің біріндегі 2015 жыл туған баласына анасы хабарласа алмағандықтан алаңдап, есікті аша алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Анасының айтуынша, ол дүкенге шығып кеткен, үйге оралғанда кілті болмағандықтан қайта ішке кіре алмаған. Ал пәтердегі бала үн қатпаған.


"Оқиға орнына тез арада ТЖМ қызметкерлері келіп жетті. Арнайы құрал-жабдықтардың және альпинистік жабдықтарды пайдалана отырып, құтқарушылар үйдің төбесіне көтеріліп, құтқару арқанымен балконға түсу арқылы пәтерге кірді. Құтқарушылардың жылдам әрекетінің арқасында бәрі сәтті аяқталды. Баланың ұйықтап жатқаны белгілі болды", делінген хабарламада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: