Қарағандыда ашық жатқан құдыққа түсіп кеткен 10 жасар бала құтқарылды
Сурет: видеодан алынды
ТЖМ құтқарушылары Қарағандыда көшеде ашық жатқан құдыққа құлап кеткен 10 жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтеншеліктердің хабарлауынша, 28 тамызда Қарағандыды қаласының Әлихан Бөкейханов ауданына қарасты К. Цеткин көшесі бойындағы ашық құдыққа 2014 жылғы бала абайсызда құлап кеткен. Ол құдықтан өз бетімен шыға алмаған.
"Құтқарушылар баспалдақтың көмегімен жасөспірімді құдықтан аман-есен шығарды, оған медициналық көмек қажет болмады", делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript