Мароккода тар құдыққа түсіп кеткен бес жасар бала қайтыс болды
Қаралы хабарды Марокко королі жария етті, деп жазады РИА Новости.
Мұхаммед VI баланың ата-анасына көңіл айтты.
Құтқарушылар бригадасының басшысы Абдельхади Тамрани құдыққа түсірілген камерадағы кадрдан бес жасар Райанның қандай күйде екенін түсіну қиын екенін айтты. Ол бір қырынан қимылсыз жатқан.
Құтқарушылар Райанға жеткенде, жер астында оған медициналық мамандар тексеру жүргізді. Ұзақ уақыт жер астында болу немесе бас жарақаты өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін еді.
— 𝔐𝔲𝔥𝔞𝔪𝔪𝔢𝔡 🇲🇦 ⵣ (@YariMuhamed) February 4, 2022الحمد لله ولدنا مازال يقاوم ، فيديو هاد المساء#انقذوا_ريان pic.twitter.com/T6yKUcYSWa
Райан 2 ақпанда диаметрі небәрі 45 сантиметр болатын тар құдыққа құлап кеткен. Құтқару бригадасының жетекшісі Абдельхаби Темрани топырақтың ерекшеліктеріне байланысты құдықтың түбіне қарай тоннель қазу керек екенін жеткізді. Операция кезінде құтқарушылар баланы оттегі түтігі мен сумен қамтамасыз ете алды. Қазу жұмыстары бес күнге созылды, нәтижесінде бала сыртқа аман шығарылды. Бірақ көп ұзамай Райан алған жарақаттарынан қайтыс болды.