Жамбыл облысында ашық жатқан құдыққа сиыр түсіп кетті

Сиыр, Жамбыл облысы, Жаңатас, құтқару, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2025 17:33 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Жамбыл облысында ашық жатқан құдыққа сиыр түсіп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 қаңтарда Сарысу ауданының Жаңатас қаласында құтқарушылар жекеменшік үйдің ауласында ашық жатқан құдыққа құлаған сиырды құтқарды. 

Құтқару қызметіне қала тұрғындарынан қоңырау келіп түскен.

Үйлесімді күш-жігердің арқасында өрт сөндірушілер сиырды аман-есен шығарып, иесіне табыстады.

"Құдықтардың бетінде қақпақтардың болмауы адамдарға да қауіп төндіреді. Әсіресе ойын кезінде байқамай қалып, ауыр жарақат алатын балалар үшін де" деп атап өтті құтқарушылар.   

Бұған дейін Таразда ағаш цехында алапат өрт болғанын жазғанбыз.              

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: