Қарағандылық құтқарушылар шетелдік әйелге көмек қолын созды

ТЖМ құтқарушылары 2025 жылғы 2 қаңтарда әйел адамға көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖМ мәліметінше, Қарағанды қаласында "Триада" зиратының маңында қар құрсауында автокөлік тұрып қалды.
Құтқарушылар көлікті сүйреп шығарған. Онда 1964 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы болды. Әйелге медициналық көмек қажет болмады.
"Мен ТЖМ қызметіне өте ризамын. Мен ата-анамның жатқан жеріне бара жатқанмын. Мен өзім Ресей азаматшасымын. Көлігім қарға батып қалды. Жігіттер тез келіп, мені және менің өмірімді құтқарып қалды. Үлкен рахмет. " — деді шетелдік әйел.
Бұған дейін Ақтөбе облысында Жаңа жыл түні ер адамның электр қосалқы станциясында көз жұмғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript