Ақтөбеде жастар мінген көлік жардан ұшып кете жаздады

Жеңіл көлік, Ақтөбе, жастар, жар, төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2025 09:30 Сурет: видеодан алынды
Ақтөбе қаласының маңында Елек өзені тұсындағы жардан жеңіл көлік ұшып кете жаздады. Төтеншеліктер жарға ілініп қалған, ішінде екі жасөспірім бар көлікке шұғыл көмекке келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ақтөбенің шетіндегі республикалық маңызы бар "Солтүстік айналма жолдың" 13-шақырымында, Елек өзеніне жақын маңда ТЖМ қызметкерлері жарға ілініп қалған жеңіл автокөлікті сүйреп шығару бойынша құтқару жұмыстарын жүргізді. Белгілі болғандай, 20 және 17 жастағы екі бозбала балық аулауға бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жолдан шығып, жарға тұрып қалған. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында, арнайы жүкшығыр құралы орнатылған автокөлікті пайдалана отырып, көлік құралы қауіпсіз жерге сәтті шығарды", делінген хабарламада.

Төтеншеліктер мұндай жағдай орын алғанда 112 телефонына хабарласу керектігін тағы бір мәрте еске салады. 

Бұған дейін, бес күн бойы жанған Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт 20 қыркүйекте оқшауланғанын жазғанбыз. Алайда Іле ауданы және Қонаев қаласы маңындағы елдімекендердің тұрғындары әлі де ауада сасық иістің кетпегеніне жаппай шағымдануда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: