Бес күн жанған өрт: Алматы облысындағы қоқыс полигонындағы өрт ауыздықталды

Бес күн жанған өрт: Алматы облысындағы қоқыс полигонындағы өрт ауыздықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2025 13:00 Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 20 қыркүйекте, Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт оқшауланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.

15 қыркүйек күні таңертең Алматы облысы Алатау қаласына қарасты Әли ауылы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс өртенген.

Алғашқыда түтін жақын маңдағы Өтеген батыр, Байсерке және Әли ауылдарын басып, кейін Алматыға да жетті.

17 қыркүйекте Алматы облысы әкімдігі ауаға жүргізілген санитарлық-эпидемиологиялық мониторингтің нәтижелерін жариялады.

Алатауда жергілікті деңгейдегі техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді.

Айта кетейік, өртті сөндіру жұмыстары 10 метр тереңдікте тліп жатқан от жүктемесі мен жел бағытының өзгеруінен күрделене түсті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: