Алматы облысында бір аптаға созылған қоқыс полигонындағы өрт сөндірілді
Сурет: Telegram/qr_tjm
Алматы облысында тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында шыққан ірі өрт сөндірілді. Тілсіз жау 2025 жылғы 15 қыркүйек күні таңертең басталып, бір аптаға созылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрттің толықтай жойылғаны туралы бүгін, 22 қыркүйекте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
"Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт толықтай сөндірілді", – делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы, Шымкент қалаларының, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарының ТЖД күші, әскери бөлімдердің қызметкерлері (№28237, 52859, 68303) және ҚР ТЖМ "Қазселезащита" мекемесінің мамандары тартылды.
Өрт Алматы облысы, Алатау қаласы маңындағы Әли ауылының жанындағы қоқыс полигонында басталған. Тілсіз жауды сөндіруді қиындатқан негізгі факторлар – 10 метрге дейінгі тереңдікте жану процесінің жүруі мен желдің бағытының өзгеруі.
18 қыркүйекте өртке байланысты Алатау қаласында төтенше жағдай режимі енгізілген еді. Ал 20 қыркүйекте өрттің таралуы шектеліп, оқшауланды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript