Алматыда фастфуд кафесі жанып кетті

Пожар на складе, горящие склады, горящий склад, тушение склада, возгорание складских помещений, пожарный, пожарные, пожарная служба, пожарный кран, тушение пожара, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2025 14:12 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 24 қыркүйек күні таңертең Алматы қаласының Алмалы ауданында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт Брусиловский көшесінде орналасқан фастфуд дайындалатын дүңгіршекте болған.

"Сағат 10:28-де Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары өрт туралы хабарға сәйкес Алмалы ауданы, Брусиловский көшесіне жоғары дәрежедегі шақыртумен жіберілді. Оқиға орнына 10 техника мен 32 қызметкер тартылды", – деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Алғаш болып жеткен бөлімшелер жеке тұрған кафенің ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралу қаупі болған.


Өрт 200 шаршы метр аумақта сөндірілді.


112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Бұған дейін Алматыда жүк көлігін мас күйде басқарған жүргізуші ұсталғанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: