Алматыда жүк көлігін мас күйде басқарған жүргізуші ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, сотрудники полиции, правоохранительные органы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2025 09:15 Фото: primeminister.kz
"Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Түрксіб ауданының әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің қызметкерлері мас күйде жүк көлігін басқарған жүргізушіні ұстады.

Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, медициналық куәландырудан кейін жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Соттың шешімімен ол жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

"Біз мас күйде көлік басқару деректеріне қатаң тосқауыл қойып келеміз. Бұл – жол қозғалысы қауіпсіздігіне төнетін ең елеулі қатерлердің бірі. Қабылданған шаралар полицияның қағидатты ұстанымын көрсетеді: осындай құқықбұзушылықтар жазасыз қалмайды. Мас күйде көлік басқаруға жол берілмейді", – деді, Түрксіб аудандық полиция Басқармасының бастығы Думан Аухадиев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: