Алматыда есірткіге мас күйде мопед басқарған жүргізуші ұсталды

Мопед, мопеды, мопедист, мопедисты, байк, байки , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2025 11:44 Фото: unsplash
Алматыда "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған мопед жүргізушісін тоқтатты.

Ер адам тәртіп сақшыларының заңды талабын орындаудан бас тартып, қашуға әрекеттенгенімен, көп ұзамай ұсталды.

Медициналық куәландыру нәтижесінде оның есірткілік мас күйде болғаны анықталды.

Жиналған материалдар сотқа жолданып, құқық бұзушы көлік жүргізу құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынатын болады. Ал мопед айыптұрағына қойылды.

"Мұндай жағдайларға жол беруге болмайды. Әрбір жүргізуші жолдағы қауіпсіздік үшін өз жауапкершілігін сезінуі тиіс. Мас күйде көлік басқару – адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Алматы полициясы мұндай құқық бұзушылықтарға қатаң шара қолданады. "Заң мен тәртіп" қағидаты біздің жұмысымыздың негізгі ұстанымы болып қала береді", – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Жақыпбаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: