Алматыда Көктөбе маңындағы жеке үйде өрт шықты

Алматыда Көктөбе маңындағы жеке үйде өрт шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2025 15:40 Сурет: Алматы төтенше жағдайлар департаменті
2025 жылғы 20 қыркүйек күні күндіз Алматының Медеу ауданында Сапарғали Бегалин көшесінде орналасқан жеке үйде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖД мәліметінше, тілсіз жау шаруашылық құрылыстан басталып, жылдам екі қабатты үйдің екінші қабаты мен шатырына тараған.

Оқиға орнына үш өрт сөндіру бөлімшесі, сондай-ақ Төтенше медицина орталығы мен өзара әрекеттесу қызметінің мамандары жетті.

Өртті сөндіру үшін 100 және 200 метр қашықтықтағы гидранттарға қосылған автоцистерналар пайдаланылып, үздіксіз су беру қамтамасыз етілді.

Үй иелерінің айтуынша, өрт кезінде үйдің ішінде ешкім болмаған.

Айта кетейік, бұған дейін 20 қыркүйекте Алматы облысындағы қоқыс полигонындағы бес күнге созылған өрттің ауыздықталғанын хабарланған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: