Алматыда екі қабатты жеке тұрғын үй отқа оранды
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Алматының Алатау ауданының Самғау шағын ауданы Құлан көшесінде орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, от бір қабатты үйдің және уақытша үй-жайдың шатырларына ауысқан.
"ТЖМ бөлімшелері құрылымдар арасындағы өртке қарсы арақашықтықтың болмауына және жоғары өрт жүктемесіне қарамастан, жоғары дәрежелі шығу рангімен жұмыс істей отырып, оқпандарды бір мезгілде сөндіруге және қорғауға беру арқылы өрттің таралу қаупін жойды", - делінген ведомство хабарламасында.

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта 250 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript