Алматыда жаңадан салынып жатқан екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт шықты

Алматыда екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2025 18:46 Сурет: pixabay
Алматының Медеу ауданында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.

Қабылданған шаралармен өрттің көршілес құрылыстарға таралу қаупі жойылды.

"Өрт оқпандары енгізілді, өрт автоцистерналары су көздеріне жедел орнатылды, суды үздіксіз беріліп жатыр", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Нақтыланған мәліметтер бойынша Медеу ауданы Жәнібеков көшесі бойындағы жаңадан салынып жатқан екі қабатты тұрғын емес үйдің шатырында өрт шыққаны белгілі болды. Өрттің ауданы анықталып жатыр. 

Кейінірек ТЖМ күштерімен өрт толығымен сөндірілді. Өрт орнында өрт зерттеу сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: