Ведомство Грета мен басқа да ұсталғандар дереу босатып жіберуден бас тартып, оларды қамауда ұстау мерзімін ұзартуды талап еткенін мәлімдеді. Израиль өкілдерінің айтуынша, белсенді билікке қатыгездік фактілері туралы шағымданған емес, өйткені олар "өтірік әрі ондай әркеттер болмаған".
Флотилия белсендісі Газаға үшінші мәрте жүзіп жете алмады. осылайша, ол 5 қазан күні Израиль түрмесіне жабылған болатын. Бұған дейін The Guardian басылымы Тунберг пен Швеция билігі арасындағы хат-хабарларға сілтеме жасай отырып, қызды қандала қаптаған бөлмеге қамағанын, су мен тамақ бермегенін жазды. Сондай-ақ, бостандыққа шыққан өзге де Флотилия мүшелері ЦАХАЛ сарбаздары Гретаны Израиль туын сүйуге мәжбүр еткенін айтты.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 6 қазанда Тунбергті қоса алғанда, 70-тен астам белсенді Израильден жер аударылады. Олардың барлығы дерлік Грецияға жеткізіледі.
Бұған дейін эко-белсенді Грета Тунберг Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармерді Газа секторындағы геноцидті тоқтатуға шақырған болатын.