Мысырда 20 жыл бойы жөндеуден өткен фараонның қабірі ашылды

Сурет: бейнежазба скриншоты
Мысырда 20 жыл бойы жүргізілген реставрациядан кейін фараон Аменхотеп III-тің қабірі туристерге ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

New York Post басылымы Мысырдың ежелгі мұраларды қорғау жоғарғы кеңесінің бас хатшысы Мұхаммед Исмаилге сілтеме жасап, қабірдің атақты Патшалар алқабының батыс жағында орналасқанын жазды. Қабірде фараонның негізгі жерлеу бөлмесі мен оның екі әйелі үшін арналған екі қосымша бөлме бар.

Маманның айтуынша, Аменхотептің қабірі алқаптағы басқа ежелгі қабірлерден айырмашылығы – толық безендірілмеген. Қабырғаларда фараонның өзі және ежелгі мысырлық құдайлар тобы бейнеленген. Жерлеу бөлмесінде "Өлілер кітабы" атты жинақтан алынған сиқырлы мәтіндер сақталған.

Соңғы 20 жыл ішінде Аменхотептің қабірінде реставрациялық жұмыстар жапон мамандарының жетекшілігімен жүргізілді, оның ішінде қабырғалардағы фараон мен оның әйелдерінің бейнелерін қалпына келтіру де бар.

Ұлы Аменхотеп деп те аталатын Аменхотеп III б.з.д. 1550-1292 жылдар аралығында билік жүргізген Ежелгі Мысырдың XVIII әулетінің ең танымал фараондарының бірі болды.

Бұған дейін ғалымдардың жер астынан 600 метрлік тылсым туннельдерді тапқанын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды