Макрон Лувр ұрыларына ескерту жасады

Сурет: Х/EmmanuelMacron
Франция президенті Эммануэль Макрон Луврды тонаған қылмыскерлердің сот алдында жауап беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, 19 қазанда болған Луврдағы ұрлық – Франция қастерлейтін тарихи мұраға қол сұғу болып табылады. Бұл туралы мемлекет басшысы X (бұрынғы Twitter) желісіндегі парақшасында жазды.

"Луврды тонау – біздің тарихи мұрамызға жасалған қастандық. Біз қымбат бұйымдарды қайта табамыз, ал қылмыскерлер сот алдында жауап береді", – деп жазды Макрон.

Париж прокуроры Лора Бекконың мәліметінше, ұрылар төмендегі бұйымдарды ұрлап кеткен:

Наполеонның екінші жұбайы, императрица Мари-Луизаға тиесілі алқа мен сырға;

1830–1848 жылдар аралығында өмір сүрген патшайым Мария-Амалия мен Нидерланд королевасы Гортензия де Богарнеге тиесілі үш зергерлік әшекей (алқа, сырға және тәж);

Императрица Евгения коллекциясынан төрт бұйым: екі брошь, көйлекке тағатын бантик және тәж.

Сонымен қатар ұрылар Евгенияның тәжін ұрламақ болған, бірақ әшекей сынды күйде табылып, қайтарылған.

Прокуратураның мәліметінше, қазіргі таңда қылмысқа қатысы бар төрт ер адам іздестіріліп жатыр. Олар беттерін жасырып, оқиға орнынан скутермен қашып кеткен.

Макрон Эммануэль

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін