Полицейлер АЭС үстінен жұмбақ нысанды байқады

Фото: pixabay
АҚШ-тың Миннесота штатындағы Миннеаполис қаласының үш полиция офицері аспанда жарқыраған сақиналармен қоршалған жұмбақ шар пішінді нысанды көрген. Олар бұл бөгде ғаламшарлықтардың ұшу аппараты (НЛО) болуы мүмкін деп болжаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Mail жазғандай, нысан біраз уақыт аспанда қалықтап тұрған, кейін кенеттен дыбыссыз қозғалып кеткен. Бұл оқиға "Прери-Айленд" атом электр станциясының үстінде болған. Кейінірек сол белгісіз шар жеке тікұшақпен соқтығысып қала жаздағаны белгілі болды.

Фото мен бейнежазбалар Daily Mail секілді бірқатар ақпарат құралдарында жарияланып, "НЛО-мен кездесу" туралы тақырыптар тарады. Алайда ғалымдар асығыс қорытынды жасамауға шақырады.

Enigma зертханасының мамандарының пікірінше, бұл мүлде бөтен ғаламшарлықтардың кемесі емес, Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) болуы мүмкін.

Сол күні ХҒС Миннесота үстінен өткенін мамандар растаған. Ал нысанның айналасындағы жарқыраған сақиналар — жарық көздері мен жұлдыздар аспанда меруерттей жылтырап көрінетін оптикалық құбылыстың нәтижесі деп түсіндірілді.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы НЛО туралы ойлардан ұйықтай алмайтынын мойындаған болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді