АҚШ Ресейдің ірі мұнай компанияларына санкция салды

Фото: freepik
АҚШ Ресейдің ірі мұнай компанияларына ауқымды санкция жариялады. Құрама Штаттар қаржы министрлігінің дерегінше, санкцияларға Ресейдің Украинаға қарсы соғысты бейбіт жолмен аяқтауға ықылас танытпауы түрткі болған.

Ресейлік компаниялардың АҚШ аумағындағы активтері бұғатталып, олармен жаңа транзакцияларға тыйым салынды. Бұған қоса, АҚШ-тың қаржы министрлігі Мәскеуді атысты шұғыл тоқтатуға үндеді.

Ал Трамп болса, Ресейге санкция жариялаудың сәті келгенін, мұны ұзақ күткенін мәлімдеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Сонымен бірге Трамп Путин соғысты тоқтатуға келіссе, санкцияларды алып тастайтынын да атап өтті.

"Рейтердің" хабарлауынша, Вашингтонның бұл қадамынан кейін мұнай бағасы өскен.

Өткен аптада Ұлыбритания да Ресейдің мұнай компанияларын санкцияға алған еді.

Ресей
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтар Республика күнінде қалай демалады

Ресейдегі маймыл шешегі: Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

Бублик пен Рахмонов Алматыда көз арбасу өткізді

Батыс Қазақстан облысында мұғалім 4 млн теңгеден астам қарызын бөліп төлеуге мүмкіндік алды

-7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды