Си Цзиньпин мен Дональд Трамп Пусан әуе базасында кездесті

Сурет: Х/PhoenixTV_News
Оңтүстік Кореяда Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл – Трамптың Ақ үйге екінші рет оралғаннан кейінгі екі ел басшыларының алғашқы кездесуі. Кездесу екі көшбасшының қол алысуынан басталды. Трамп келіссөздердің сәтті өтуіне үміт білдіріп, Симен тамаша қарым-қатынаста екенін атап өтті.

Одан кейін келіссөздер өтті. АҚШ президенті келесілерді атап өтті:

Журналистер Трамптан неге ядролық сынақтар өткізу туралы шешім қабылдағанын сұрағанда, ол сұраққа жауап бермей, баспасөз өкілдерін залдан шығаруды бұйырды.

Си Цзиньпин өз кезегінде Трамптың бейбітшілікті нығайту жолындағы күш-жігерін жоғары бағалады. Сонымен қатар, Қытай мен АҚШ барлық мәселеде бірдей пікірде бола бермейтінін де атап өтті.

"Менің ойымша, біз көптеген мәселелер бойынша келісімге келдік, және дәл қазір тағы біраз нәрселерге қатысты мәмілеге келеміз", – деді АҚШ президенті.

Сидің айтуынша, жыл басынан бері АҚШ және Қытай көшбасшылары үш рет телефон арқылы сөйлесіп, бірнеше хат алмасқан. Ол екі елдің келіссөз жүргізушілері негізгі мәселелерді шешу бойынша ортақ ұстанымға келгенін және үміт күттіретін прогреске қол жеткізгенін атап өтті.

Кездесу Кимхэ әуе базасында өтуде. Бұл нысан Пусан қаласында, халықаралық әуежайдың шетінде орналасқан. Бұрын бұл жерде америкалық әскерилер орналасқан еді. Дональд Трамп пен Си Цзиньпин Оңтүстік Кореяға Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық (АТЭС) саммитіне қатысу үшін келген.

Бұған дейін Оңтүстік Қытай теңізінде жарты сағат айырмашылықпен АҚШ-тың екі бірдей әскери ұшағы апатқа ұшырағанын жазғанбыз.

Қытай
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды