Жарым түнде болған жер сілкінісінен үрейленген өзбекстандықтар далаға түнеп шықты

Фото: pixabay
2025 жылғы 3 қарашаға қараған түні Өзбекстан аумағында жойқын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oblako.uz Telegram-арнасының мәліметінше, дүмпу салдарынан кейбір үйлердің қабырғаларына сызаттар түскен.

"Көптеген тұрғындар әлі күнге дейін далада жүр, себебі қайталама дүмпулердің болуынан қорқады", – делінген ақпаратта.

"Дайджест UZ" Telegram-арнасы жазғандай, Термезде магнитудасы 5-тен жоғары жер асты дүмпулерінен кейін адамдар жаппай көшеге шыққан. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, дегенмен тұрғындардың көбі әлі де аулада немесе ашық алаңдарда таң шапағын күтуде.

Өзбекстан ТЖМ-нің Республикалық сейсмологиялық болжау орталығының мәліметі бойынша, Сурхандария облысының тұрғындары 5 балдық зілзаланы сезген. Ал ел астанасында жер сілкінісінің әсері 2–3 балл шамасында болған.

Сурет: google

Қазақстанда да ТЖМ құрамындағы "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылдың 3 қарашасында сағат 01:29-да жер сілкінісін тіркеген. Эпицентр Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 1079 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Алдын ала есеп бойынша дүмпулердің күші:

"Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ", – делінген Қазақстан ТЖМ ақпаратында.

Бұған дейін Ауғанстанда зілзаладан зардап шеккендер үйінді астынан шығарылуда екенін жазғанбыз.

Ауғанстан
Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты