Николя Саркози түрмеден босап шықты

Сурет: Instagram/nicolassarkozy
Париждің апелляциялық соты Францияның экс-президенті Николя Саркозиді түрмеден босату туралы шешім қабылдады. Тіпті, желіде Саркозидің Санте түрмесінен қара жеңіл көлікпен шыққан видеосы да пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

LCI телеарнасының мәліметінше, Саркозиді босатқанымен, оған қатысты бірқатар тыйым салынатын әрекеттер қарастырылған.

"Сот Николя Саркозиді босату туралы өтінішті дұрыс деп санайды және оны сот бақылауымен босатуды бұйырады", делінген хабарламада.

Францияның бұрынғы президенті ел аумағынан шыға алмайтыны, іс бойынша басқа айыпталушылармен араласа алмайтыны және әділет министрі Жеральд Дарманенмен байланысқа түсе алмайтыны да нақтыланады. Егер бұл шарттар орындалмаса, Саркозидың түрмеге қайта тоғытылуы мүмкін.

BFMTV телеарнасы экс-президенттің адвокаты Кристоф Инреннің сөздерін былайша келтіреді: "Қорғаушы тараптың "келесі қадамы" апелляциялық отырысқа дайындық болады".

Париж қылмыстық соты Саркозиді 2005-2007 жылдар аралығында жасалған қылмыстар бойынша кінәлі деп таныды. Пассивті сыбайлас жемқорлық, сайлау науқанын заңсыз қаржыландыру және Ливия қаражаты ұрлығын жасыру бойынша оған тағылған айыптар алынып тасталды.

Еуроодақ
Саркози Николя

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды