Disney студиясы ойыншықтары жоқ балаларға арналған Рождестволық қысқаметражды фильм түсірді

Сурет: disney
Disney студиясы мен режиссер Тайка Вайтити бірлесіп, Disney Toys for Tots қайырымдылық науқанын қолдау мақсатында Рождестволық қысқаметражды фильм түсірді. Бұл науқанның мақсаты – қажетсіз ойыншықтарды мұқтаж отбасылар мен балалар үйлеріндегі балаларға сыйға тарту, деп хабарлайды Zakon.kz.

Фильмнің атауы — "Тарихтағы ең үздік Рождество". Оқиға желісі бойынша Санта Клаус кездейсоқ бір қыздың Рождествоға арналған тілектер тізімінің артқы бетінде қалған шимай суретті тірілтіп алады. Сурет сәтсіз салынғанына қарамастан қыз одан бас тартпай, оны досындай көріп, сөзсіз түсінісуді үйренеді.

Келесі Рождествода қыз Сантадан "Ойыншықтар тарихы" мультфильміндегі Мистер Картопты сыйлыққа сұрайды. Артынша, ол ойыншықтың аузын алып, оны өзінің шимай досына сыйлайды. Осылайша, енді олар бір-бірімен сөйлесе алатын болады.

Бұған дейін АҚШ-та ұшу кезінде жас жігіт ұшақтың есігін ашып жібермек болып, төтенше жағдай тудырғанын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі