АҚШ-та ұшу кезінде жас жігіт ұшақтың есігін ашып жібермек болып, төтенше жағдай тудырды

АҚШ-та ұшу кезінде жас жігіт ұшақтың есігін ашып жібермек болып, төтенше жағдай тудырды , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2025 09:13 Сурет: pixabay
Индианаполистен Техасқа бағыт алған United Airlines әуе компаниясының рейсі кезінде 20 жастағы Артуро Мартинес есімді жолаушы ұшақтың есігін ашуға және үрлемелі сырғанақты іске қосуға әрекет жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

People журналының мәліметінше, оқиға 5 қазанда болған. Ер адамның есікті ашуға талпынысы сәтсіз аяқталғанымен, төтенше жағдайда пайдаланылатын сырғанақтар ашылып кеткен. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Ұшақ Джордж Буш атындағы әуежайға қонған соң, бортқа полиция қызметкерлері шақыртылған. Бұзақы жолаушы тұтқындалып, қазіргі уақытта келесі сот отырысын күтіп қамауда отыр.

Бұған дейін Трамптың әрбір америкалыққа екі мың доллардан төлеуге уәде еткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: