Ақтау әуежайында төтенше жағдай: сәбиімен бірге ұшқан әйел бомба туралы хабарлаған

Ақтау әуежайында төтенше жағдай: сәбиімен бірге ұшқан әйел бомба туралы хабарлаған, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2025 17:51 Сурет: pixabay
Ақтау – Шымкент бағытындағы Scat әуе компаниясының рейсінде төтенше жағдай болды. Ұшақта шамамен 200 жолаушы отырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтау әуежайында ұшаққа отырғызылғаннан кейін 1998 жылы туған әйел сәбиімен бірге бортта жарылғыш зат барын айтқан. Осыдан кейін барлық жолаушы мен экипаж шұғыл эвакуацияланды. Бұл туралы Lada.kz жазды.

Әуе кемесін арнайы қызмет өкілдері бес сағаттан астам уақыт бойы тексерді. Нәтижесінде жарылғыш зат табылған жоқ.

Куәгерлердің айтуынша, әйелдің мұндай мәлімдемесіне эмоционалды күйзеліс себеп болуы мүмкін. Жолаушыны құқық қорғау органдары ұстаған.

Бұл жайтқа қатысты Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне түсінік берді.

"22 тамыз күні Маңғыстау станциясындағы Линейлік полиция бөлімі ҚР ҚК 273-бабы бойынша – терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: