Елорда әуежайындағы ұшақта ер адам бомба туралы айқайлады
Сурет: Zakon.kz
21 тамыз күні сағат 10.00-де полиция бөліміне жолаушылар Нұр-Сұлтан-Анталия бағыты бойынша рейске отырған кезде, 44 жастағы жолаушы басқаларға ұшақта бомба бар деп бірнеше рет айқайлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Ол мас болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуежайдың борты мен зарарсыздандырылған аймағы дереу тексерілді. Тексеру барысында жарылғыш құрылғылар мен басқа да тыйым салынған заттар табылмады.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы «Терроризм актісі туралы жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық кодексінің бұл бабының санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Күдікті мойындады, қазір ол қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript